Серб армиясы жоғары дайындыққа көшірілді
Сурет: akorda.kz
Косово Сербиямен арадағы ең ірі өткізу пунктін жапты. Ал, кеше сербия әскері «аса жоғары дайындық» жағдайына көшіп, Косово шекарасына жауынгерлерін аттандырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белград пен Приштина арасындағы шиеленістің күшейуіне албандар Косовоның солтүстігінде тұратын этникалық сербтерге шабуыл жасайды деген хабар себеп. Еуропа одағы да, НАТО да тараптарды ұстамдылыққа шақырып, арандатуға бой алдырмауға үндеді, деп жазады qazaqstan.tv.
Негізінен албандар мекендейтін Косово 1998-1999 жылдардағы соғыстан кейін Сербиядан бөлініп кетті. Алайда, серб үкіметі мен жергілікті сербтер Косовоның тәуелсіздігін мойындамай келеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript