Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Президент Әкімшілігіне қызметке орналасты
Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.
Асат Нұрпейісов 1987 жылы 18 шілдеде дүниеге келген. 2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша, 2012 жылы Еуропалық бизнес мектебін, халықаралық банк ісі және қаржы магистрі MSc Global Banking and Finance мамандығын бітірді.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
2012-2015 жж KPMG Tax and Advisory басқару кеңесінде жұмыс істеді.
2015-2016 жж – Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.
2016-2017 жж - «Бәйтерек» НҰХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры.
2018-2019 жж - бас инспектор, басшының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Жобаларды басқару орталығының басшысы міндетін атқарушы.
2019-2022 жж - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының аппарат басшысы.
2022 жылдың 16 ақпанынан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.