5 қаңтардағы түскі саудада доллар қымбаттады

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 16:09 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,52 теңгеге көтеріліп, 465,93 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 67,69 теңгені (+0,24) құрады.

Кешегі кешкі сауданың қорытындысы бойынша еуро бағамы 493,90 теңге болды.

Рубльмен сауда-саттық болған жоқ. Рубль бағамын Ұлттық банк 6,53 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 466-470 теңге, еуро 494-499 теңге, ресей рублі 6,05-6,35 теңге аралығында сатылуда.

Ал, 5 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 1,17%-ға өсіп, барреліне 78,75 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада ақпан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,19%-ға өсіп, барреліне $73,71 құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: