Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда парацетамол тапшы

Дәрі дәрмек тапшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 13:18 Сурет: pixabay
Петропавлда парацетамол тапшы. Аталған препаратты қаладағы 200-ге тарта дәріхананың біреуінен ғана табуға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фармацевттердің айтуынша, қазіргі қор бірер аптаға ғана жетеді. Дәрінің бағасы қымбаттамаған, біреуі 85 теңгеден саудаланып жатыр.

Күніне орта есеппен 300-400 адам парацетамол іздеп келеді. Біз дәрі-дәрмек тапшылығы болатынын болжап, күзде көп алып қойғанбыз. Евгения Сенченко, фармацевт

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департаментінің мамандары қолайсыз ауа райына байланысты дәрі-дәрмектің кезекті партиясы өңірге дер кезінде жетпей қалғанын айтты. Тапшылықтың туындауына сұраныстың артуы да себеп болып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Өңірде жұқпалы аурулар өршіп тұр. В типті тұмауға шалдыққандар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 7 есе көбейіп, жалпы саны 245 адамға жетті. Шошқа тұмауын жұқтырған 17, гонконг тұмауымен ауырған 4 науқас тіркелді.

Науқастардың ішінде 49 жүкті әйел, 14 жасқа дейінгі балалар, 83 бала тіркелді. Ауырып қалмау үшін бетпердені дұрыс кию, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерге бармауға кеңес береміз. Айнаш Сағындықова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: