Еліміздің оңтүстігінде аяз күшейеді
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер республика бойынша 2023 жылдың 12-14 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК таратқан ақпаратқа сүйенсек, оңтүстікте аяз күшейіп, солтүстікте керісінше, аяздың беті қайта бастайды.
"Суық арктикалық антициклон траекториясын республиканың шығыс, оңтүстік өңірлеріне бағыттайды, сол себептен жауын-шашынсыз аязды ауа-райы болжанады, тек республиканың солтүстік жартысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар, жаяу бұрқасын күтіледі"."Қазгидромет" РМК
Синоптиктердің болжамынша, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Ауа температурасы:
- еліміздің батысында түнде 15-30 аяздан 7-20 аязға дейін;
- солтүстік-батыста 20-28 аяздан 13-22 аязға дейін;
- республиканың солтүстігінде 20-35 аяздан 13-26 аязға дейін;
- орталықта 30-41 аяздан 17-25 аязға дейін;
- еліміздің шығысында 32-43 аяздан 20-30 аязға дейін төмендейді:
"Оңтүстікте температураның негізгі фоны 22-31 аяз, оңтүстік-шығысында 20-33 аяздан 23-36 аязға дейін төмендейді"."Қазгидромет" РМК
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript