11 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде қатты аяз болады

Синоптиктер республика бойынша 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған ақпарат бойынша, ел аумағының басым бөлігінде арктикалық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз аязды ауа-райы сақталады.
"Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауып, жел күшейеді, бұрқасын, көктайғақ болады. Республика бойынша тұман болжанды"."Қазгидромет" РМК
Синоптиктердің болжамынша:
- түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде - 40-41 градус өте қатты аяз;
- Маңғыстау облысында - 25 градус өте қатты аяз;
- Ақмола облысында - 40 градус қатты аяз;
- Қарағанды облысында - 35-38 градус қатты аяз;
- Ақтөбе облысында - 35-36 градус қатты аяз;
- Атырау облысында - 30 градус қатты аяз;
- Түркістан облысының солтүстігінде - 25-27 градус қатты аяз;
- Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында - 25 градус қатты аяз болады.
Астана қаласы – көшпелі бұлтты, кей уақыттарда аздаған қар жауады. Батыстан жел соғады, күші 3-8 м/с болады. Ауаның температурасы түнде 35-37°С, күндіз 26-28°С аяз болады.
Алматы қаласы – бұлтты, кей уақыттарда қар жауады, тұман, көктайғақ. Жел соғады, күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде және күндіз 10-12°С аяз, күндіз тағы суыта түседі.
Шымкент қаласы – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең кей уақыттарда қар жауады, тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 14-16°С, күндіз 8-10°С аяз болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript