ТЖД Алматылықтарды қаладан шықпай, жылы киінуді өтінді

ТЖД Алматылықтарды қаладан шықпай, жылы киінуді өтінді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 09:01 Сурет: Zakon.kz
-25 градусқа дейін жеткен қатты аязға байланысты ТЖД мамандары Алматы тұрғындарын көшеде ұзақ жүрмей, қала сыртына шықпауға, жылы киінуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа райы болжамына сәйкес, 12-16 қаңтар аралығында мегаполисте ауа температурасының бұрын-соңды болмаған -25 градусқа дейін төмендеуі күтілуде, бұл Алматы қаласы үшін қауіпті метеорологиялық құбылысты білдіреді.

Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу үшін байыппен қарап, тиісті шаралар қабылдауды сұрайды. Департаментпен мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне бақылауды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдау туралы ақпараттық хабарламалар жіберілді.

Бұған дейін 12-13 қаңтарда Алматыда мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшкені хабарланған болатын. 0-11 сынып оқушылары мен 1-2 сынып оқушылары үшін онлайн сабақтар өткізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: