СҚО-да жыл басынан бері 12 адамды үсік шалды
Сурет: pixabay
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда 12 адамды үсік шалып, медициналық көмекке жүгінді. Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәрігерлер 2 науқастың өмірін сақтап қалу үшін ампутация жасауға мәжбүр болды.
Қазір екеуі де емделіп жатыр. Мамандардың айтуынша, үсіген адамдардың басым көпшілігі мас күйде далада жатып қалған.
Сонымен қатар соңғы екі аптада Петропавл қалалық көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасы жарақат алған 400 адамды қабылдаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript