Ақтөбеде соңғы тәулікте 9 адамды үсік шалды
Сурет: pixabay
Ақтөбеде соңғы бір тәулікте 9 адамды үсік шалған. Олардың біреуі ауруханада ем алып жатыр. Аймақта соңғы 3 тәуліктен бері ауа температурасы минус 30-35-тен көтерілмей тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәрігерлер көмегіне жүгінгендердің көбі құлағы мен саусақтарын үсітіп алған. Сондай-ақ мұзға тайып жығылып, жарақат алғандар да аз емес.
Өткен 2 тәулікте осындай 34 дерек тіркелді. Бұл облыстағы жалғыз травматологиялық орталық. Аудан-ауыл тұрғындары да, шұғыл көмекке осы жерге жүгінеді, деп жазады qazaqstan.tv.
Мамандар, әсіресе қатты аязды күндері барынша сақ болу қажеттігін ескертеді.
Көбіне көп саусақтары үсіп келген адамдар, қар аршып, қар аршыған соң саусақтары үсіген адамдар. Сосын әйел адамдар, кеңес беремін әйел адамдарға сырғаларын шешсін деп. Себебі аяз күндері металл болғасын тез салқындап, құлақтары үсіп кетіп жатыр әйел адамдардың. Абзал Қадырбаев, травматолог-ортопед
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript