Екатеринбург – Алматы тас жолының жабылған учаскелері қайта ашылды

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 20:24 Сурет: pexels
Республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы тас жолының жабылған учаскелері көліктің барлық түрлері үшін ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, Екатеринбург – Алматы тас жолының (1446-1457 км, Қарағанды – Теміртау) шектеу енгізілген учаскесі ауа райының жақсаруына байланысты көліктің барлық түрлері үшін ашық.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ атап өткендей, шектеу енгізілген жол учаскесінде 12 қаңтарда сағат 18:10-нан бастап қозғалыс қайта жанданды.

Қарлы боран мен айналаның көрінуінің нашарлауына байланысты осы учаскеде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілген болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: