Қазақстанның бірқатар қаласында метеорологиялық жағдай әлі де қолайсыз болады деп болжанды

Метеорологиялық жағдай, ауа райы, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Жезқазған, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 09:44 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет"РМК таратқан мәлімет бойынша, 13 қаңтарда Ақтөбе, Жезқазған, Балқаш, Алматы және Шымкентте метеорологиялық жағдай қолайсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қалалардағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Осыған орай ауаның ластана түседі. Қазақстанның басқа қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады.

Қолайсыз ауа райы жағдайы – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз ауа райы жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: