Демалыс күндері еліміздің кей өңірлерінде күн жылынады

Қазақстан, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 12:23 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер республика бойынша 2023 жылғы 14-16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Сол болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде құрғақ ауа райы сақталады, кей өңірлерде ауа температурасы көтеріледі деп болжанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған болжам бойынша, еліміздің батысында ауа температурасы түнде 9-19-дан 5-17-ге дейін аздаған жоғарылайды.

Ауа температурасының негізгі фоны:

  • түнде солтүстік-батыста 13-28 аяз;
  • солтүстікте 10-23 аяз;
  • орталықта 17-28 аяз,
  • шығыста 18-32 аяз.
"Ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпалын кеңейтеді, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы, тек республиканың солтүстік және шығыс бөліктерінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты қар және жаяу бұрқасын болжанады"."Қазгидромет" РМК
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: