Синоптиктер демалыс күндері елімізде жаңбыр жауып, күн суытатынын айтты
Оңтүстік циклон Қазақстанға тұрақсыз ауа райы жағдайын әкеледі. Синоптиктердің болжауынша, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында ара-тұра қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді. Найзағай кезінде екпінді жел болуы мүмкін. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстікте, орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде күн ашық болады.
12-13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында – 42 градусқа дейін қатты ыстық болады, ал Қазақстан Республикасының солтүстік, шығыс және орталық облыстарында күн суытып, ауа температурасы 12-20 градусқа дейін төмендейді, еліміздің оңтүстік-шығысында ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы 20-28 градус аралығында болады.