Жаңалықтар тізбегі
0

Алаяқтар астаналықтарды сыйға көлік береміз деп алдаған

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 15:27 Сурет: ҚР ІІМ
Интернет-алаяқтың құрбаны болған елорда тұрғындары полицияға арызбен жүгінді. Тергеу барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 23 және 24 жастағы екі қаскүнемді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Интернет-дүкеннің клиенттік базасына қол жеткізе отырып, жас жігіттер өздерін дүкен қызметкерлері ретінде таныстырып, клиенттерге қоңырау шалып, көлікті ұтып алғанын хабарлаған.

Бірақ оны алу үшін жарна ретінде белгілі бір соманы салу керек деген. Жәбірленушілер 700 мыңнан 4 млн теңгеге дейінгі сома көлемінде ақшалай қаражат жіберген.

Бірақ іс жүзінде “ұтыс ойынына” қатысушыларды жағымсыз тосын сый күтіп тұрды: ешқандай ұтыс ойыны болмаған. Олардың құрбандарының бірі елорда тұрғыны алаяқтарға 4,6 млн теңге жіберген. Қазіргі уақытта олар интернет-алаяқтықтың 14 фактісі бойынша күдіктеледі.


Қазіргі уақытта күдіктілер Астана қаласының ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, олардың елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – дейді Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды ескертеді, алаяқтардың құрбаны болмау үшін ақшаны жіберер алдында мұқият тексеріп, қырағылық таныту қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: