Украинаның ішкі істер министрі тікұшақ апатынан қаза тапты

Украинаның ІІМ қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 14:38 Сурет: Twitter/TT_TTINFO
18 қаңтарда Киев облысының Бровары қаласында Украинаның ішкі істер министрі Денис Монастырский, оның орынбасары Евгений Енин мінген тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Украина Ұлттық полициясының басшысы Игорь Клыменконың айтуынша, Украина мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің тікұшағы апатқа ұшыраған.

Қазіргі уақытта 16 адамның қаза тапқаны белгілі, оның ішінде екі бала бар. Зардап шеккендердің 22-сі ауруханада жатыр, оның 10-ы балалар.

Барлық мамандандырылған қызметтер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: