Қостанайдағы колледж студенттері есірткі жасырумен айналысқан

Қостанай полицейлері есірткі қойып кетушілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл қылмыстық іс-әрекетте 3 есірткі қойып кетуші ұсталды.
Мәселен, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласы колледждерінің бірінің студенттерін ұстады. Олар есірткіні үйлердің кіреберістерінде, соның ішінде пошта жәшіктерінде жасырған, – деді ПД бастығының орынбасары Дүйсембай Байбосынов.
Тінту кезінде студенттерден ақ түсті ұнтақ заты бар 50 байлам тәркіленді. Кейіннен жалдамалы пәтерді тінту кезінде ірі көлемде 192 грамм синтетикалық препарат-мефедрон табылды. Қазіргі уақытта күдіктілер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изольяторына қамауға алынды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы қылмыспен айналысқан 23 жастағы күдікті ұсталды. Тінту кезінде одан салмағы 20,08 грамм болатын А-PvP есірткі психотроптық заты тәркіленді. Ұсталған адам қамауға алынды6 – деді Дүйсембай Байбосынов.
Осы фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция есірткі таратумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жыл басынан бері Қостанай полицейлері заңсыз айналымнан бір келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript