Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік бағдарламаның ақшасы ұрланды

Ақша ұрлағандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2023 15:30 Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚМА департаментінің қызметкерлері «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, жол төсемі болмаған кезде оны пайдалануға берген.

"Жоспарланған 53,5 шақырым жолдың 27 шақырымы жасалмаған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 450 миллион теңгені құрады". ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Аталған ауданда Ғ.Мүсірепов атындағы жолды салу кезінде ұрлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар тұлғалар анықталды.

Іс сотқа жіберілді, деп қосты ведомство.

Бұл жолдың құрылысы, ҚМА мәліметінше, облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан жергілікті тұрғындар үшін әлеуметтік маңызы бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: