"Самұрық-Қазына" басшылығы құрамындағы шетелдіктердің саны 40% азайған

"Самұрық-Қазына" басшылығы құрамындағы шетелдіктердің саны 40% азайған, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 00:23 Сурет: sk.kz
"Самұрық-Қазына" компаниясының директорлар кеңесі мен бақылау кеңестерінің құрамындағы шетелдіктердің саны азайған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 26 қаңтарда Астанада өткен баспасөз брифингінде қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты.

Самұрық-Қазына" компаниясында басшылық қызметтегі шетелдіктердің саны 40%-ға қысқарған. 

Ғибрат Ауғанов айтуынша, 2022 жылы "Самұрық-Қазына" тобының 10 шетелдік менеджердің орнына қазақстандық маман келген. Мұндай өзгеріс, Qazaq Air, Air Astana және "жолаушылар тасымалы" АҚ компанияларында болған.

Ол сонымен бірге топ-менеджерлер саны екі есе қысқарып, бес басқарушы директордың үшеуі жаңарғанын айтты. Бүгінгі таңда үш басқарушы директор - Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: