"Самұрық-Қазына" қорының директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Самұрық қазына қорының құрамы өзгерді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2024 11:46 Сурет: sk.kz
Үкімет 2024 жылғы 21 маусымдағы қаулысымен "ҚР Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды.

Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісінің орнына директорлар кеңесінің мүшесі ретінде президент кеңесшісі енгізілді.

Енді директорлар кеңесінің құрамы келесідей:

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі – Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – директорлар кеңесінің мүшесі;
  • мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ жалғыз акционерінің өкілі, директорлар кеңесінің мүшесі;
  • "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы – Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Жәмішев Болат Бидахметұлы – тәуелсіз директор;
  • Лука Сутера – тәуелсіз директор;
  • Мохаммед Джамиль Аль Рамахи - тәуелсіз директор.

Қаулы 2024 жылғы 21 маусымда күшіне енді.

Бұған дейін Тоқаевтың "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі жақсартуға бұйрық бергенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: