Өнімі үсіп кеткен жылыжайлардың иелеріне мемлекет қолдау көрсетеді
Сурет: Zakon.kz
Көмір тапшылығынан өнімі үсіп кеткен жылыжайлардың иелеріне мемлекет қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.
Еске салсам, екі апта бұрын Түркістан облысының Сарыағаш және Қазығұрт ауданындағы шаруалар жылыжайды жылытуға көмір таппай қалған еді, деп жазады qazaqstan.tv.
Салдарынан тонналаған өнім жарамсыз боп қалды. Қатты отын тапшылығынан диқандар көкөніс өсіруді кешіктіруге мәжбүр.
Енді оларға жеңілдетілген несие беру, көмірді тікелей жеткізуді жолға қою сияқты шаралар атқарылып жатыр. Сонымен қатар несие төлемдерін шегере тұру мәселесі де қарастырылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript