«Астана» велокомандасы жаңа маусымда дебюттік жүлделі орынға қол жеткізді
Сурет: Twitter/astanaqazteam
Бұл күндері Astana Qazaqstan Team шабандоздарының қатысуымен «Саудия Арабиясының туры» көпкүндік веложарысы өтуде. Жарыстың екінші кезеңінде «Астананың» голландиялық спринтері Кейс Бол үздік үштікке еніп, Қазақстан құрамасының маусымдағы алғашқы жетістігі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұзындығы 184 шақырым болатын екінші кезең Winter Park мен Shalal Sijlyat Rocks елдіекендері арасында өтті. Мәре сызығын бірінші болып итальяндық Джонатан Милан кесті, одан кейін Нидерланды өкілдері Дилан Груневеген мен Кейс Болл келді.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Кейс Бол жалпы классификацияның 4-ші қатарында тұр, ол жарыс көшбасшысы Дилан Гроневегеннен небәрі 12 секундқа қалып қойды.
Сауд Арабиясы туры 2023 3 ақпанда аяқталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript