Мәнерлеп сырғанаушы Батырхан Шүкеновтің әніне Қапшағай мұзында биледі
Сурет: Instagram/pankratova__k
Соңғы кездері ашық ауада түсірген видеоларының арқасында танымал болып жүрген қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова Қапшағайдағы ашық мұз үстінде тағы да әдемі би көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қапшағай су қоймасының мұзында түсірілген оның жаңа бейнебаяны аз уақыттың ішінде бір жарым мыңнан астам лайк жинап үлгерді. Ксения биіне Батыр Шүкеновтың «Отан ана» әнін таңдаған.
Бейнебаянды көрген Панкратованың оқырмандары «Музыка керемет, би - бомба», «Таңғажайып Панкратова және Қазақстан Республикасының таңғажайып мұзы», «Халық қазынасы», «Жарайсыңдар», «Әдемі» деп лебіздерін жеткізді.
Қазір бапкерлікпен айналысып жүрген Ксения Панкратова Көлсай көлінің мұз айдынындағы бейнекадрдан кейін танымал бола бастады.
Сонымен қатар, Ксения Ақмола облысындағы Баянауыл ұлттық саябағындағы Үлкен Алматы көлі, Қайыңды көлі және Жасыбай көлінде өзінің қатысуымен бейнероликтер шығарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript