Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысындағы Кіші Арал теңізі тола бастады

Кіші арал арнасына тола бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2023 14:07 Сурет: Zakon.kz
Биыл Сырдария өзенінде су мол. Соның арқасында Қызылорда облысындағы көлдер жүйесі қалыпқа келе бастады. Әсіресе, қуаңшылық кезінде деңгейі түсіп кеткен Кіші Арал теңізіне бүгінгі күні бір миллиард текше метрден астам су құйылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дариядан өз еншісін ала алмай келген Кіші Арал тұзданып, балық шаруашылығына үлкен қауіп төнген еді. Себебі, соңғы үш жылда теңіз қатты тартылып, ондағы су көлемі 27-ден 18 миллиард текше метрге азайып кеткен болатын, деп жазады qazaqstan.tv.

Бірақ, биыл түскен мол судан теңіз деңгейі 22 сантиметрге көтеріліп, су айдыны тола бастады. Қазіргі таңда Ақлақ тоспасынан Кіші Аралға секундына 180 текшме метрге дейін су жіберіледі. Мамандар көктемде бұдан да көп көлемде су келеді деп болжап отыр.

"Вегетацияға дейін барлық осы суды 160-200 текше метр көлемінде су жіберіледі. Барынша мүмкіндігінше Арал теңізіне су жіберіледі. Кем дегенде осы 2 миллиардқа жақын су түседі деп отырмыз." Зейнулла Қазтуғанов, «Арал-сырдария бассейндік» инспекциясының бөлім басшысы

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: