Қызылорда облысында көктайғақтың кесірінен жол апаты көбейді

Көлік мұздың астына түсіп кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2023 13:37 Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысында қар аралас жаңбыр көктайғаққа ұласып республикалық автожолдарда өткен тәулікте 14 жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қозғалыс айтарлықтай қиындады. Күрежолда көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмып, 10 адам дене жарақатын алды, деп жазады qazaqstan.tv.

Қайғылы жағдай «Самара-Шымкент» трассасының Сұлутөбе ауылының маңында болған. Қырғызстан еліне бет алған Тойота автокөлігі жолдан ауып, жүргізуші тілге келместен ажал құшқан.

Жанында болған 6 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы анықталуда. Полиция ауа-райының қолайсыздығынан әзірге ұзақ жолға шықпауды ескертеді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: