Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандылық кәсіпкер америкадан тапсырыс алып отыр

Кәсіпкерлік, Ақтоғай ауданы, тігінші, АҚШ, ұлттық киім үлгісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2023 13:59 Сурет: pixabay
Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданының кәсіпкерлері сонау Америкадан тапсырыс алып отыр. Индира Лекер ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген бірнеше шапанды мұхит асырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсібін енді ғана бастаған жас тігіншінің киіміне ел ішінде де сұраныс аз емес.

Индира Лекер әуелде түрлі тапсырыстарды үйінде тігіп жүрген. Кейін бұл кәсібін табыс көзіне айналдыруға бел байлайды. Арнайы курс та оқып, өзінің бизнес жобасын ұсынған. Сөйтіп аудан әкімінің 1 миллион теңге грантын жеңіп алған. Оған іс тігетін машина сатып алыпты. Кейін облыс әкімінің де қайтарымсыз қаржысына ие болып, шағын шеберхананы іске қосады. Қазір ол ұлттық киім, қыздың жасауы, көрпе-жастық секілді дүниелерді тігіп жүр. Көмекші болса кәсібін кеңейткісі келеді. Өнімін әлеуметтік желі арқылы саудалайды. Сұраныстың көптігі сол, тіпті сонау Америкадан тапсырыс түскен.

Ол кісілер әлі күнге дейін сол жақта киіп жүр. Бізге жаңағы, кері байланыс дейді ғой, соны жіберіп, міне біз қазақтың желеткасын Лос-Анджелесте киіп жүрміз деп өз ризашылықтарын білдіріп жатыр. Тапсырыс көп, бірақ тігінші жоқ Ақтоғайда. Негізі жұмысшы алу ойымызда бар. Айтып жатырмыз, білмей келсе де өзіміз үйретіп аламыз деп. Индира Лекер, кәсіпкер.

Ақтоғай ауданы әкімінің гранты соңғы 9 жыл бойы үздіксіз беріліп келеді. Осы аралықта 36 миллион теңге қайтарымсыз қаржы бөлініп, 86 жас кәсіпкер өз ісін ашқан. Қазір ауылда көлік жөндеу, көлік жуу, шағын кондитерлік цех, шаштараз секілді халыққа қызмет көрсету орындары жемісті жұмыс істеп тұр.

Былтырғы жылы мысалы жергілікті бюджеттен 8 миллион теңге бөлініп, 11 жасты грантпен қамтыдық. Атап айтатын болсақ, ол кісілерге ұлттық нақыштағы қазақы киім тігу мақсатында және шағын жарнама агенттігін ашу мақсатында, сондай-ақ кірпіш өндірісін ашу мақсатында гранттар бөлінді. Биылғы 2023 жылға жоспар бойынша бюджеттен 10 милллион теңге бөліп, 15 жасқа грант беру мақсатында жұмыстар жасалуда. Шыңғыс Елеген, Ақтоғай аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

Биылғы грантқа өтініштер наурыз айынан бастап қабылданады екен. Қазірдің өзінде бизнес жобасын құшықтап, құлшынып отырған ынталы жастар жетерлік, дейді ресурстық орталықтың мамандары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: