8 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Ауа райы болжамы, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2023 16:34 Сурет: pexels
Республикамыздың басым бөлігі әлі де антициклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан, ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің солтүстік жартысында қар жауып жаяу бұрқасын болады, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр түрінде жауын-шашын болжанды.

"Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстік-батыста – көктайғақ, күндіз оңтүстікте, батыста, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай болжанды"."Қазгидромет" РМК

Астана қаласы: бұлтты, кей уақытта қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде -21-23°С, күндіз -15-17°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман күтіледі. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -3-5°С, күндіз +3+5°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа ауысады күші 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, күндіз +12+14°С болады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: