ШҚО тұрғыны досынан 100 келіден астам түсті метал ұрлап кеткен
Жәбірленушінің айтуынша, күдікті үйінің ауласында орналасқан шаруашылық жайдан түсті металды ұрлаған, осылайша 50 келі мыс, 25 келі алюминий және шамамен 30 келі қола қолды болған.
Жалпы шығын 275 мың теңгеге бағаланады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ауданның криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қысқа мерзімде ұстауды жүзеге асырған. Қылмыс жасағаны үшін 40 жастағы ауыл тұрғыны әшкереленді.
Ер адам полиция бөліміне жеткізілді, одан жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады. Алайда ұрланған заттарды қайтару мүмкін болмады, өйткені күдікті металдың соңғы грамына дейін қабылдау пунктіне тапсырған. Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.