Бас прокуратура жалған уағызшының Youtube арнасын бұғаттап тастады
Сурет: pixabay
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, бүгінгі таңда интернет кеңістігінде радикалды идеялардың таралуы айтарлықтай қауіп төндіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқыққа қарсы контенті бар сайттарды тексеру мақсатында 2017 жылы «Киберқадағалау» жобасы іске қосылды, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар діни экстремизм мен терроризм белгілері бар 900 мыңнан астам веб-сілтемелерді бұғаттады.
Мысалы, 2022 жылдың соңында Бас прокуратура халықаралық террористік ұйымға қатысы бар жалған уағызшының «Youtube» бейнеконтентінің (шамамен 3 мың жазылушы және 5 мың қаралым) веб-сілтемесін бұғаттады. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Бұдан бөлек Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе облысындағы ҰҚК Департаменті «Telegram» месенджері арқылы «қарулы» жиһад материалдарын таратқан «Б» азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Сот үкімімен аталған адам ҚК-нің 256-бабы (терроризді насихаттау) бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript