Новосібірдегі газ жарылысы: екі адам қаза тауып, 15 пәтер қирады

Новосібірдегі газ жарылысы: екі адам қаза тауып, 15 пәтер қирады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 09:53 Сурет: pexels
Бейсенбі, 9 ақпанда Новосібірде газ жарылысы болды. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер үйінділерді тазартты. Үйден 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, он бес пәтер қирап, екі адам қаза тапты.


"Пәтерлердің бірінде газдың жарылуы салдарынан бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейін еден аралық төбелер опырылып, бесіншіден үшінші қабатқа дейін өрт шығып, 15 пәтер жанып кетті", - деді дереккөз.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, газ-ауа қоспасының жарылу ошағы үшінші қабаттағы екінші подъездегі пәтерде болған.

Бұрын хабарланғандай, дәл осындай оқиға біздің Ақтөбе облысындағы Қарғалы ауданы Петропавловка ауылында болып, жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылған. Екі күн бұрын болды. Газ жарылысынан қарт адамдар зардап шекті. Бақытымызға орай, олар ауруханада жатқанымен аман қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: