Жаңалықтар тізбегі
0

10-12 ақпан аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн суытып, жауын-шашын түседі

Алматы, Астана, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 16:49 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК Қазақстанның үш қаласындағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы:

  • 10 ақпан: көшпелі бұлт шығады, кейде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -24...-26°C, күндіз -13...-15°C.
  • 11 ақпан: бұлтты, ауық-ауық қар жауады. Оңтүстік-шығыстан күші 5-10 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -20...-22°C, күндіз -13...-15°C.
  • 12 ақпан: бұлтты, ара-тұра қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан екпіні 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -21...-23°C, күндіз -12...-14°C.

Алматыдағы ауа райы болжамы:

  • 10 ақпан: көшпелі бұлтты, әлсін-әлсін жауын-шашын (көбінесе қар), тұман,  көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз -1...-3°C.
  • 11 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде қар жауады. Ауық-ауық тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, -3...-5°C.
  • 12 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман, жолдар көктайғақ. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, -2...-4°C.

Шымкенттегі ауа райы болжамы:

  • 10 ақпан: бұлтты, қар жауады, түнде кей жерлерде қатты қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -3...-5°C.
  • 11 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз 0...-2°C.
  • 12 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз 0...+2°C.

Синоптиктер 2023 жылғы 10 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: