Алдағы күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн жылынады

Бұдан шығатын қорытынды, елорда мен еліміздің екі ірі мегаполисінің тұрғындарын ауа райының жылынуы қуантады.
Астана қаласының ауа райы болжамы
13 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз 0°С шамасында.
14 наурызда: құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз 0°С шамасында.
15 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6°C, күндіз 0+2°C.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
13 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде жеңіл тұман. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -2-4°C, күндіз +9+11°C.
14 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +11+13°C.
15 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +13+15°C.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
13 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +17+19°C.
14 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +17+19°C.
15 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°C, күндіз +18+20°C.