Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жасалды

қыс, тұман, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2023 16:48 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" синоптиктері 12 ақпанда республиканың төрт өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман түседі. Облыстың батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: