Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Сурет: unsplash
Синоптиктер республика бойынша 2023 жылғы 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, батыс циклоны ойпатының және атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Синоптиктердің болжауынша, қар жауады, республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады.
18 ақпанда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанды.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік жартысында көктайғақ, солтүстік жартысында бұрқасын болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript