1 ақпан күні еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі
![Қазақстан, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2023 15:59](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-cfaf3260-f8f0-4894-bf61-8c316b47e589/800x450.webp)
"Қазгидромет" РМК таратқан ақпаратқа сүйенсек, еліміздің солтүстік, шығыс аймақтарына Солтүстік циклон жырасының әсер етуіне байланысты қар жауып, тұман болады.
"Республикамыздың оңтүстік аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей уақыттарда жауын-шашын (қар, жаңбыр) қатты жауады."Қазгидромет" РМК
Синоптиктер Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, тұман, көктайғақ болатынын болжады.
Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауыспалы бағыттағы жел, күші 1-6 м/с. Ауаның температурасы түнде -24-26°С, күндіз -12-14°С болады.
Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -4-6°С, күндіз +3+5 болады.
Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13, күндіз екпіні 17-22 м/с. Ауаның температурасы түнде 0,+2°С, күндіз +10+12°С болады.