Алматыда 18 ақпанда қатты жауын-шашын болады
Сурет: pixabay
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті 18 ақпанда қалада жауын-шашын мол түсетінін ескертті. Қалада қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған орай төтеншеліктер көлік иелері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде жолда аса мұқият болуға шақырды.
Көктайғақ кезінде мына ережелерді қаперде ұстау қажет:
- есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізу күрт нашарлайды және жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан жаяу жүргіншілерді қағып кетуі мүмкін;
- жолдан өтерде ережеде белгіленген жерден өту керек;
- жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) алаңдамаңыз;
- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
- қолыңызды қалтаға салып жүрсеңіз, мұзда тепе-теңдікті жоғалтуыңыз мүмкін екенін қаперде ұстаңыз;
- есіңізде болсын, тротуарлар, көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті үйдің кіреберісі адамдар жиі құлап, жарақат алатын жерлер болып саналады.
Синоптиктер еліміз бойынша 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript