Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш өңірдегі тасжол жабылды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты үш өңірдегі тасжол жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
QazAvtoJol-дың хабарлауынша, үш тасжолда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді:
- Жамбыл облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Сарышаған ауылынан Бурылбайтал ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді;
- Жетісу облысында "Үшарал-Достық" тасжолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
- Батыс Қазақстан облысында "Атырау-Орал" тасжолының Атырау облысының шекарасынан Чапаев ауылына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Еске салайық, 18 қазанда Қазақстанның көп өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасалған еді.
Алматыда 18 ақпанда жауын-шашын мол түсіп, көктайғақ, тұман болатыны ескертілді. Төтенше жағдайлар департаменті көлік иелері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде жолда аса мұқият болуға үндеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript