Синоптиктер Алматыда тағы да қолайсыз ауа райы болжанғанын айтты
Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК 22 ақпанда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай ауа-райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Ал республиканың басқа қалаларында қолайлы ауа райы болжанып отыр.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы). Бұл болжамға сәйкес, 21 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасынмен бірге қар жауады.
Қолайсыз ауа-райында мынадай әрекеттер ұсынылады:
- көшеде, әсіресе магистральдарда немесе басқа ластау көздерінің жанында өткізетін уақытты азайтыңыз. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
- созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергия ауруларымен ауыратын адамдар көшеде болған кезде өзімен дәрі-дәрмегін алып жүруі керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру мен спорт жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.
Бұған дейін Қазақстанның төрт облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелгені хабарланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript