Жаңалықтар тізбегі
0

Зерттеу: Қазақстандағы NEET-жастардың портреті қандай және оларды не алаңдатады

NEET-жастар, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2023 00:12 Сурет: shutterstock.com
2022 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанда кейінгі бес жылда алғаш рет NEET деп аталатын санаттағы жастардың үлесі ең төменгі мәнге түсті: 15 пен 28 жас аралығындағы жас қазақстандықтардың жалпы санының 6,3%-ы, деп хабарлайды Zakon.kz.

NEET — Not in Education, Employment or Training ағылшын тілінен аударғанда "не білімі, не жұмысы, не кәсіби дайындығы жоқ" дегенді білдіреді. Бір жыл бұрын осы уақытта мұндай жас қазақстандықтардың үлесі 6,9% болған. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Әдістеме бойынша, NEET жастардың үлесі іріктеме сауалнама нәтижесі бойынша есептеледі. Осы салыстырмалы деректерді абсолют сандарға аударсақ, 2022 жылдың төртінші тоқсанында "жұмыссыз және оқусыз" жастардың саны 235,7 мың болды. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 22,4 мың адамға азайды.

Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстандағы 6,3%-дық NEET-көрсеткіш төмен. АҚШ-та, мысалы, 2021 жылы бұл көрсеткіш 12,2%, Ресейде  12,4%, Ұлыбританияда 10,5%, Италияда 18,9% (Ourworldindata.org мәліметінше).

Қазақстанның NEET жастарының бос өмір салтын ұстануына қандай себептер бар? Олар өмірін неге өзгертпейді? Осы сұрақтарға жауап беру үшін 2022 жылы "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы (бас компания — "Рухани жаңғыру" қазақстандық әлеуметтік даму институты) үлкен әлеуметтік зерттеу жүргізді. Қорытындысы биыл 22 ақпанда орталықтың сайтында жарияланған.

NEET ұрпағы өкілінің әлеуметтік портреті, зерттеу нәтижелеріне сәйкес, мынандай. Көп жағдайда бұл санаттағы адам әлі некеде емес (66,1%) және балалары жоқ (73,8%). Бұл жастардың 40%-ның не жоғары, не орта арнаулы білімі бар. 9-сыныпты (27,5%) немесе 11-сыныпты (28,2%) бітіріп, басқа жерде оқымағандардың үлесі көп.
NEET жастары немен өмір сүреді? Респонденттердің 53,8%-ы ата-анасының "мойнында отырады", тағы 19,7%-ын жұбайы асырайды, төрттен бірі (24,7%) анда-санда бір жерден қосымша ақша табады. Айта кету керек, кейбір NEET-жастар (15-тен 18 жасқа дейін) әлі кәмелетке толмағандар, 15 жаста олар тек ата-анасының рұқсатымен ғана жұмыс істеуге құқылы. 16-18 жас аралығында ҚР Еңбек кодексі өз бетінше келісімшарт жасауға мүмкіндік береді, бірақ жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан аспауы керек. Сауалнама нәтижелеріне қарағанда, NEET-жастар тұратын отбасылар көбіне бай емес. 17,6%-ның жан басына шаққандағы орташа табысы айына 30 мың теңгеге дейін, 28,7%-ы 30-дан 60 мың теңгеге дейін, 23,7%-ы 60-тан 100 мың теңгеге дейін. Респонденттердің жартысынан көбінің (55,7%) ақшасы азық-түлікке, киім-кешек пен коммуналдық төлемдерге жетеді. Олар ақшаларын жинай алмайды.

ҒЗО сарапшылары респонденттерге олардың әлеуметтік жағдайының себептерін анықтайтын нақтылайтын көп сұрақ қойған. Мәселен, зерттеу нәтижелеріне сәйкес, NEET-тің 79,3%-ы қазіргі өміріне қанағаттанғанымен, 63,8%-ы тұрақты жұмысы немесе оқуы жоқ деп алаңдайды. Респонденттердің жартысынан астамы оқуын болашақта мектепте, колледжде, университетте немесе курстарда жалғастырғысы келеді, 45%-ы енді оқуды жоспарламайды.
Жастардың оқуын жалғастыруына кедергі болуы мүмкін себептер туралы қызық зерттеу деректері бар. ҒЗО сарапшылары мұндай 20-дан астам себепті атады. Бірінші орында университетте немесе колледжде білім алудың қымбаттығы. Мұны респонденттердің 41,4%-ы айтқан. Басқа себептердің ішінде 18,1%-ы жоғары оқу орнына немесе колледжге түсуге ынталы емес, атап айтқанда, 0,4%-ы оқығысы келмейді. Дегенмен, субъективті себептердің қатарына ыңғайсыз сабақ кестесін (8,2%), масылдық (3,6%) және емтихан тапсыра алатынана сенбеу (0,1%) аталады.
Өкінішке қарай, NEET-тің 58,3%-ы тіпті жұмыс іздемейді. Ал лайық бос орынды тапқысы келетіндер төмен жалақы (51,6%) сияқты мәселеге тап болады, бұл ішінара тәжірибенің жоқтығына (44,7%) байланысты. Көптеген адамдар үшін жұмысқа орналасудағы күрделі мәселе дипломның болмауы (18,5%) және қажетті дағдылардың болмауы (27,5%).

Сауалнама барысында сарапшылар жастар проблемалары мен наразылық әлеуеті арасындағы байланысты анықтады. NEET санатындағы қазақстандықтарды халықтың егде жастағы бөлігі сияқты проблемалар алаңдатады: азық-түлік бағасының жоғарылығы (49,9%), жұмыссыздық (38,9%), табыстың төмендігі (38,7%), білімнің қымбаттығы (34,4%), жеке баспананың жоқтығы (20,3%).
"Респонденттердің өз өңірінде болса, жаппай наразылықтарға қосылуына әсер ететін факторлардың ішінде, бірінші кезекте, олар: азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының өсуі (15%), коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі (10,8%), әлеуметтік төлемдерді азайту (10%). Яғни, олар анықтаған мәселенің шиеленісуімен олардың наразылық акцияларына қатысу арқылы азаматтық белсенділікке тартылу мүмкіндігі бар", - делінген ғылыми орталықтың баяндамасында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: