Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі төмендеді

День Республики, флаг Казахстана, флаг РК, поднятие государственного флага Казахстана, церемония поднятия государственного флага РК, поднятие флага Казахстана, поднятие флага РК, флаг в руках, флаги в руках, молодежь Казахстана, люди с флагом в руках, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 15:07 Фото: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы бүгін, 2024 жылғы 21 қарашада NEET санатындағы жастардың үлесі туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистикаға сәйкес, олардың елдегі үлесі төмендеді.

"NEET санатына жататын (жұмыс істемейтін және оқымайтын жастардың үлесі %-дық көрсеткішпен жалпы жастардың санына шаққанда) 15-34 жас аралығындағы жастардың үлесі 2024 жылдың III тоқсанында 6,4%-ды (345,5 мың адам) құрады. Өткен жылы сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш 7,1%-ға (381,7 мың адам) тең болды". Ұлттық статистика бюросы

NEET санатындағы жастардың ең көп саны тіркелді:

  • Алматыда - 42,5 мың адам,
  • Түркістан облысында - 34,6 мың адам,
  • Астанада – 26,4 мың адам.

Ал, ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында - 5,4 мың адам.

"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" ҚР Заңына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайды", – деп еске салды Ұлттық статистика бюросы.

Бұған дейін Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы қыздың ісі қалай жүріп жатқаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: