Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 16:31 Фото: pexels
Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 желтоқсанда инфляция жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның дерегінше, 2025 жылғы қарашада айлық инфляция деңгейі 0,8% құрады.

Азық-түлік тауарларының ішінде қырыққабат 2,5%, сәбіз – 2%, қызылша – 1,4%, қант – 1,3%, апельсин – 1%, күріш – 0,5% арзандады. Бағаның өсуі келесі тауарларда байқалды: тәтті бұрыш – 5,2%, түсті қырыққабат – 5,1%, лимон, шоколад – әрқайсысы 1,9%-дан, рожки – 0,4%.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында биылғы қараша айында қуат үнемдейтін шамның бағасы 1,7%, елімізде құрастырылған жаңа автокөліктер – 1,2%, қазан – 0,8% төмендеді. Смартфондар 5,4%, кір жуғыш машиналар – 2,5%, төсек орын жинақтары – 0,5% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифі 7,1%, су бұру – 6,2%, орталықтан жылыту – 4,9%, электр энергиясы – 2,7% төмендеді. Шет тілдерін оқыту курстары 2,6%, асханадағы түскі ас – 1,6%, дәрігерге алғашқы қаралу – 0,7% қымбаттаған.

Жылдық мәнде инфляция 2025 жылғы қарашада 12,4% құрады.

Азық-түлік тауарлары бойынша қызанақ жылдық мәнде 8,1%, күріш – 6,9%, тәтті бұрыш – 1,2% арзандаған. Керісінше жұмыртқа 3,9%, сарымсақ – 3% қымбаттаған.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде кір кептіргіш 27,6%, мұздатқыш 14,6%, үтіктеу тақтасы 12% арзандады. Ыдыс жууға арналған құралдар бағасының деңгейі 7,7%, қабырға кафелі 6,2%, электросамокат 3,6% өскен.

2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда қоқыс шығару қызметтерінің бағасы 8,5%, фотосуреттерді басып шығару қызметінің бағасы 7,5%, туристтерді медициналық сақтандыру 4,4% өскен.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: