ШҚО, Қостанай және Қарағанды облыстарына қарасты ауылдарда карантин жарияланды

Карантин, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2023 11:33 Сурет: unsplash
Қазақстанның үш өңірінде жануарлар арасында аурудың өршуіне байланысты карантин жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында Аққайнар, Шыңғыстай және Жаңа Үлгі ауылдарында ұсақ малдан қорасан ауруы анықталғандықтан карантин жарияланады, деп жазады ElDala.kz.

Одан бөлек, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Бақты ауылдық округіне қарасты қыстақтан ірі қара мал арасында күйдіргі ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленді.

Сондай-ақ Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы Исатай ауылының аумағында ірі қара малдың сарыпқа (бруцеллезге) шалдығуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіліп жатыр. 

Айта кетсек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларын көктемгі вакцинациялауға 66 млн дозадан астам препарат бөлінетінін хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: