Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстан облысының ірі дүкендерінде делдалдың кесірінен көкөністер қымбатқа сатылған

ҚР ҚМА, көкөніс бағасы, делдал, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 09:47 Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті жүргізген мониторингтің арқасында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өткізудегі делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның аясында БҚО бойынша ҚМА департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп артық делдалдарды анықтау бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

БҚО, көкөніс, мониторинг, баға, делдал, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 09:47

Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі

"Өткен жылдың соңында жүргізілген талдау облыстағы ірі супермаркеттер желісінің 18 дүкенінде көкөніс сатуда шектен тыс делдалдық фактісі анықталды, бұл жерден облыс тұрғындарының басым бөлігі өнім сатып алады. Кәсіпкер көкөніс өнімдерін үлестес тұлға арқылы осы супермаркетке өткізген". ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде өндіруші өнімін Батыс Қазақстан облысының супермаркеттер желісіне тікелей өткізе бастады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: