Нөсер жаңбыр мен қар: 16-18 наурыз аралығындағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамы
Сурет: pixabay
Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 2023 жылғы 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
16 наурыз көшпелі бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ болып, қар жауады. Түнде желдің екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз 0 градус шамасында.
17 наурызда көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні 5-10 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз 0 градус шамасында.
18 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде -6-8°С, күндіз 0+2°С.
Алматы
16 наурыз көшпелі бұлтты, түнде және таңертең нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні 3-8 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3, күндіз +8+10 жылы.
17 наурыз бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, тұман түседі. Желдің екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +0+2°С, күндіз +7+9°С.
18 наурыз күн бұлтты, өткінші жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауып, тұман түседі. Желдің екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз 0+2°C.
Шымкент
16 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +16+18°С.
17-18 наурызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +14+16°С.
Оқи отырыңыз
Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript