Заңгер Шолпан Ризабекова: Менің мақсатым - халыққа қызмет жасау
Танымал қазақстандық заңгер Ризабекова Шолпан Бостановна да үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде. Атап өтейік, кандидат Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Алматы қаласының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидат ретінде тіркелген.
Наурыздың 18-і болатын тыныштық күні алдында біз Шолпан Бостановнамен кездесуді жөн көрдік. Сондай-ақ, заңгердің сайлауалды бағдарламасы мен жеңіске жеткен жағдайда Мәжілісте тағы қандай мәселелерді көтеруді мақсат қойғанын білдік.
Шолпан Ризабекованың сөзінше, қазіргі кезде азаматтық қоғамның құқықтық санаға көңілі ауды. Яғни жаңа жобалар талқылап, жаңа тәсілдер мен өмірдің бағытын іздеуде. Ал қоғамдық қатынастарды түбегейлі өзгертетін тек - Заң. Заңның аясында төмендегідей мақсаттарға жетуге болады,- дейді кандидат.
- Тіл мәселесі - ҚР Конституцияда негізгі мемлекеттік тіл ретінде – қазақ тілі жазылсын. Ал, жалпы қоғамда барлық ұлттар өз тілдерінде араласуға құқылы, шектелмейді. Мемлекеттік тілді барлық мемлекеттік мекемелерде білуге міндетті және іс-қағаздарды тек мемлекеттік тілде жүргізуге міндетті, себебі, тек тіл ғана мемлекеттікті білдіреді.
- ҚР Жер Заңынан жерге жеке меншік құқығын алып тастау керек, себебі ол сыбайлас жемқорлықты, түрлі алаяқтықты туындатады және азаматтық – құқықтық қатынастарды реттеуге қиындық туындайды, соттарда мүлдем шешілмейтіндей амалдар туады, туыстық, достық-қатынастар ыдырай бастайды. Қоғам қолайсыз жағдайда болады әртүрлі наразылықтар туындайды. Мысалы, екінші деңгейдегі банктерден байқалады.
- Ауыл шаруашылығы жермен тығыз байланысты, яғни жерге жеке меншік жойылған кезде ауыл шаруашылығы дамиды, өнеркәсіптік шаруа ашылады, ет, май, жүн, сүт, т.б. денсаулыққа пайдалы тағамдар болады. Ауыл шаруашылығы жұмыссыздықты, жалқаулықты жояды деп есептеймын.
- Аналарға арналған Заң қажет, себебі ұлттық мәдениет, тәрбие-тәлім, өнеге, ұлгі болу, салт-дәстүрды ұмытпай тарихи маңызы бар тәрбие беру өте қажет. Мүгедек балалары бар аналардың құқықтық жағдайлары реттелуі қажет. Себебі, мүгедек баласына қарап отырған ананың зейнеткерлікке шығуға мүмкіндігі жоқ, сондықтан ананың балаға қараған жылдары еңбек өтеліне жату керек. Жалғыз басты және көп балалы аналардың құқықтық жағдайы реттелу үшін Заңды ұсынар едім.
- Ұрпаққа Аманат ретінде жастарға Ереже керек, олардың үлкенге құрмет көрсетуі міндет болып саналу керек. Себебі, олар болашақ! Болашақ адал, ақылды, зерек, еңбекті сүйген болса, ол Анасын, Жерін, Елін сүйеді деп есептеймін.
- Халық өз тарапынан билік ету үшін Басқару жүйесі ретінде Халықтық Кеңесті құру қажет.
Халықтық Кеңестің құзіреті:
- бақылау, қадағалау
- жауапкершілікке тарту
- заңдардың жобасын талқылау және ұсыну.
Осы мақсаттарға жету үшін Шолпан Бостановна шаңның салмағындай үлес қосып Халыққа қызмет етуге дайын.
Сурет: Шолпан Ризабекованың жеке архивінен алынды