Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО тұрғындары сайлауға мерекелік көңіл-күймен келіп жатыр

БҚО тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 10:48 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Орал қаласы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне келушілердің саны көбеюде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті талаптарға сай безендіріліп, ән-күй күмбірлеген сайлау ғимаратына қазақы нақышта киінген комиссия мүшелері ерекше сән беріп тұрғандай.

"Оқу орнының кең залында орналасқан №440 сайлау учаскесі де таңғы сағат 7:00-ден өз жұмысын бастады. Дауыс беруге бірінші келген қала тұрғынына арнайы сыйлық ұсындық. Сондай-ақ 18 жасқа толып, дауыс беру құқығына ие болған студент жастарымызға әдемі тақиялар тарту етудеміз. Отбасыларымен келіп, таңдауларын жасаған жанұялар да сый-сияпатсыз қалмады. Бұл сайлау қазағымыздың Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген соң комиссия мүшелері болып, ұлттық киім киюді ұйғардық. Сонымен қатар халыққа мерекелік көңіл - күй сыйлау үшін келушілерге Наурыз көже мен бауырсақ секілді ұлттық тағамдарын ұсынудамыз. Жалпы, біздің сайлау учаскемізде 2113 сайлаушы тіркелген. Дәл қазір халық көптеп келуде",-дейді №440 сайлау учаскесінің төрағасы Ақтолқын Шарибданова.


БҚО тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 10:48

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, дәл осындай үрдіс Орал қаласындағы Жастар сарайында орналасқан №473 сайлау учаскесінде де қолға алынған. Бұл участокте 1763 сайлаушы өз таңдауын жасауда.

"Сайлау учаскесіне кірген бойда күмбірлеген күй ойнап, қазақы нақышта киінген комиссия мүшелері қарсылап алды. Шынымен де келушілерге Наурыз мейрамының жақындап қалғанын сездіріп, тамаша көңіл күй сыйлайды екен. Өз таңдауымызды жасап шыққан соң, сары бауырсақтан ауыз тиіп, Наурыз көженің дәмін таттық. Осы мемлекеттің тұрғыны болғандықтан еліміздің ертеңі бізді қатты алаңдатады. Сайлау әділ өтіп, халық дұрыс таңдау жасайды, еліміздің ертеңі, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі қазіргіден де жақсара түседі деген сенім мол", -дейді осы участоктен дауыс берген қала тұрғыны.


БҚО тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 10:48

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: