Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да 500 орындық жатақхана пайдалануға берілді

БҚО - да 500 орындық жатақхана пайдалануға берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 09:11 Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде 500 орындық жатақхана ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты жиын басталмас бұрын Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз құттықтауын жолдады. Ол 90 жылдан астам тарихы бар білім ордасы осы кезге дейін елімізге 100 мыңнан астам кәсіби білікті ұстаз дайындағанына тоқталып, М.Өтемісов атындағы БҚУ елімізде алғаш болып, өз қаражатына студенттер жатақханасын тұрғызғаны басқа жоғары оқу орындарына үлгі болатынына сенім білдірді.

"М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті өңірдегі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық мәселелерді шешудің ғылыми жолдарын зерделейтін орталық. Ғылым мен инновация саласындағы жетістіктері де жыл сайын артып, жас ғалымдардың танымалдылығына жол ашуда. Бұл, әрине, рухы берік, бірлігі бекем БҚУ ұжымының ерен еңбегінің жемісі. Осы кезге дейін жоғары медициналық колледж, индустриалды колледж студенттерін жатақханамен қамтыдық, бұрынғы трансформатор зауытының ғимаратын жөндеп, ішін тұрғынға толтырып, политехникалық колледжге жатақхана салып бердік. Енді бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес М.Өтемісов атындағы БҚУ жанынан 500 орынға арналған студенттер үйін салдық. Сондықтан ел болашағы саналатын жастар оқуға ден қойып, еліміздің атын асқақтату жолында аянбайды деп сенемін",-деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Елімізде қолға алынған әр ЖОО өз қаражаты есебінен жатақхана салу тәжірибесі негізінде ашылған 9 қабатты жатақхана 500 студентке арналған. Бұл жерде шәкірттерге бар жағдай жасалған. Тіпті қазіргі студентке ең қажетті интернет желісімен де жабдықталған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі студенттерге инклюзия сипатына сәйкес арнайы бөлмелер мен мүгедектігі бар білім алушыларға арналған 16 орын дайын тұр. Бұдан бөлек, студенттер үйінде фитнес зал, әр екі бөлмеге арналған жуынатын орын мен дәретхана, медициналық пункт, кафетерий, мұғалімдер мен кезекшілерге арналған бөлмелер де бар. Жатақхана аумағы толық абаттандырылып, спорт алаңы бой көтерген.

БҚО - да 500 орындық жатақхана пайдалануға берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 09:11

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Студенттер үйі ҚР Президентінің "Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасының 89-тармағында көрсетілген "Студенттік жатақханадағы орын тапшылығы мәселесін шешу" тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев арасында екі жақты келісімнің арқасында бой көтерді. Енді жатақханамен қамтылған университет студенттерінің саны 1526-ға жетті. Білім ордасы алдағы уақытта жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен жаңа ғимарат құрылысын қолға алмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: