Алдағы 3 тәулікке арналған ауа райы болжамы
Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы 3 тәулікте күн жауын-шашынсыз болады.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, күн ашық және бір қалыпты жылы ауа райы сақталады. Тек солтүстікте және солтүстік-батыста 23 наурызда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында циклон ойпатының әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады". "Қазгидромет" РМК
Республика бойынша тұман түседі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік пен солтүстік-батыста жел күшейеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript