Қатты жаңбыр және аптап ыстық – алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2023 11:16 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 23-25 ​​мамыр аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінің ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды, жаңбыр, найзағай, оңтүстік-шығыста бұршақ болады.

23-25 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ауысады) болады деп болжанды.

"Республика бойынша жел күшейіп, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады"."Қазгидромет" РМК 

Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасының фоны:

  • батыс өңірлерде 29-34 градус жылы;
  • солтүстік-батыста 25-30 градус жылы;
  • солтүстікте 23-28 градус жылы;
  • оңтүстікте 23-31 градус жылы:
  • шығыс және оңтүстік-шығыста 15-25 градус жылы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: