25 наурыз күні Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республиканың барлық аумағында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктердің болжауынша, тек елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуі әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың барлық аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 2-7 жел соғады. Ауа температурасы -2-4°С, күндіз +6+8°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - секундына 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +17+19°С.
Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні секундына оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +22+24°С.