Ақтөбеде батагөй қариялар байқауы өтті
Сурет: Zakon.kz
«Батаменен ел көгерер!» Ақтөбеде наурыз мейрамы қарсаңында батагөй қариялар сайысы өтті.
Іріктеуден өткен 17 қария бұған дейін байқаудың аудандық, қалалық кезеңдерінде жеңіске жеткен. Сондықтан сайыстың деңгейі жоғары, деп жазады qazaqstan.tv.
Ақсақалдар алдымен өздерін таныстырып, аңыз-әңгімелер айтты. Наурыз батасын берді. Сондай-ақ, жиналғандар қариялардың аузынан ұмытылыңқырап қалған және авторлық баталарды да естіді. Қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, қаржылай сыйлықтар берілді.
"Бата беру - дана халқымыздың дәстүрлі салты. Бата деген елді имандылыққа, адамгершілікке, жақсылыққа тәрбиелейді. Батаның орны ерекше бөлек. Наурыз күні облыстық сайысқа келген барлық игі жақсыларға тек жеңіс тілеймін, сәттілік тілеймін! Наурыз мерекесі құтты болсын!" Аққайыр Оразбаев, Кішіқұм ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript